Мектеп төлқұжаты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны қабылдау талоны

Мектептің тақырыбы: «Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген бәсекеге қабілетті және құзыретті алған білімді нақты өмір жағдайында табысты қолдана білетін  тұлғаны қалыптастыру және дамыту»

Мектептің алдына қойған мақсаты:

 Оқушылардың білім сапасын қойылатын талаптардың әлемдік білім кеңістігіне шығатындай қаблеттерін дамытудың ғылыми – теориясына негіздеп, білім берет деңгейін көтеру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа педагогикалық идеяларды күнделікті сабақтарына ендіре отырып, рухани – адамгершілігі жоғары, шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеу. Ауыл баласының білімін жаңа деңгейге көтеру арқылы бәсекеге сай жеке тұлғаны қалыптастыру.

 Мектеп мұғалімдерінің міндеттері:

  • Жаңа оқу жылында мектеп педагогикалық ұжымының алдындағы негізгі міндеттер:

    – ҚР-ның «Білім туралы» Заңның орындалуын қатаң түрде қадағалау;

    – Қашықтан білім беру технологиялары бойынша білім алу «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүзеге асыру;

    -2019 жылдың 27 желтоқсанында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізінде бекітілген орта білім беру жүйесіне қатысты НҚА-мен жұмыс жүргізу;

    – «Kundelik.kz» электронды журналымен жүйелі жұмыс жүргізу;

    – Жаңартылған білім беру аясындағы бәсекелестікке қабілетті білім беру қызметін жүзеге асыру;.

    -Мектеп жасындағы бірде-бір оқушының мектептен тыс қалмауына қол жеткізу;

    – Білім берудің мемлекеттік стандарттық жүйесін сақтау;

    – ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын өз деңгейінде, жүйелі жүргізу;

    – Оқу жылында 4, 9, 11 – сыныптарды бітірушілерден тест технологиясы бойынша сынақтар алып отыру;

    – Білім сапасын арттыру мақсатында мектепшілік түрлі нысандағы тексерулер мен бақылауларды өз дәрежесінде, шынайы жүргізу;

    – Педагогикалық кадрлардың сапалық құрамына қарай іріктелуіне, орналасуына қатаң бақылау орнату;

    – Жаңартылған білім мазмұны бойынша педагогтардің жұмыс жұргізуі;

    – Оқытудың жаңа технологияларын мектеп өміріне ендіруді жалғастыру;

    – Арнаулы орта, жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса жұмыс жасап, мемлекеттік білім гранты иелерін көптеп дайындауға қол жеткізу;

    – Мектепте өткізілетін білім сайыстарымен түрлі жарыстар мен байқауларды, танымдық-тағылымдық іс-шараларды дер кезінде, сапалы өткізуге баса назар аудару;

    – Пән мұғалімдерінің интернет жүйесімен жұмыс істеу, электронды оқулықтарды пайдалану қашықтықтан оқытуды меңгеруіне қол жеткізу;

    ҰБТ мен ББЖМ-ға дайындық жұмыстарын жүйелі жүргізу;

    – Күрделі бағдарламалармен жұмыс жасай алатын мұғалімдерді дайындау;

    – Бейінді пәндермен оқытатын мұғалімдерді әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыз ету, т.б.  

     

     

     

     

  •